Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарЭкономика

Атырауда демалыс орындарының жұмысына қандай жағдайда рұқсат берілетіні белгілі болды

«Бұл туралы жеңілдетілген карантин талаптары жарияланған қаулыда жазылған» деп хабарлайды Atr.kz

Демалыс базалары, санаторий, туристік орындар санитарлық талаптарды қатаң сақтаған жағдайда жұмыс істей алады. Алайда, аталған нысандардың келушілермен толтырылу көрсеткіші нақты қанша пайызға дейін болуы тиіс екендігі нақтыланбаған.

«Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.) жұмыс істеуіне COVID-19-дың алдын алу шараларын (медициналық бетперде, антисептиктер қолдану, қол гигиенасы, әлеуметтік қашықтық) сақтаған жағдайда рұқсат етіледі» делінген Атырау облысы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 6 мамыр күні жарияланған қаулысында.

Еске сала кетелік, жеңілдетілген карантин туралы қаулы 10 мамыр күні күшіне енеді.

Баян Жанұзақова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button