
Атырауда бір топ медицина қызметкерлеріне «Жанқиярлық күресі үшін» медалі табысталды
Медаль COVID-19 індеті кезінде еңбек еткен медицина қызметкерлеріне берілді.

«Ақжол» ҚДП облыстық филилалының ұйымдастыруымен өткен шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев және партия белсенділері және аудандардағы партия өкілдері онлайн режимде қатынасты.
Партияның облыстық филилалы төрағасы Ермекқали Юсупов медицина саласы мамандарының еселі еңбегін айрықша атап, аталған марапаттың шығу тарихынан хабардар етті. «Коронавирус індетімен күресте алдыңғы қатарда болып, белсенділік танытқан ақ халатты абзал жандардың еңбегін бағалап, «Ақ жол» партиясы президиуымының ұйғаруымен «Жанқиярлық еңбегі үшін» медалі шығарылды» деді ол.

Сала қызметкерлерін қолдау, еңбектерін елеу мақсатында бұл медаль осыған дейін де 10 қызметкерге тапсырылса, бүгінгі жиында 12 медицина саласы мамандарына табысталды.
Мәжілісмен Серік Ерубаев та өз сөзінде денсаулық сақтау саласында еселі еңбек етіп жүрген жандар қай құрмет, марапатқа да лайықты екенін атап: «Партияның депутаттық фракциясы Үкіметке ковид аймағында қызмет етіп жүрген медқызметкерлерге лайықты жалақы төлеу туралы сауал жолдады» деді.

Салтанатты шараға шақырылған сала мамандары да ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, атақ, марапат алу үшін емес, қауіпті індетті жеңу, халық саулығын сақтау жолындағы жұмыстарын әлі де жалғастыра беретіндерін атады.
Г.Әмірова,
Суреттерді түсірген Е.Алтыбаев