Атырауда бір тәулікте 365 тұрғын коронавирусқа қарсы екпе алды
Облыс халқын covid-19-ға қарсы жаппай вакциналау өтіп жатыр, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
3 сәуірдегі жағдай бойынша 365 адам «Спутник V» вакцинасының I компонентін алды. Жеке қарастврсақ, екпе алғандар қатарында 45 медицина қызметкері, 19 педагог, 19 полиция қызметкері, 9 студент, 23 құқық қорғау органдарының қызметкері, 4 мемлекеттік қызметші, 214 жергілікті тұрғын бар.
1 ақпан мен 1 сәуір аралығында «Спутник V» I компонентімен 3963 адам вакцинацияланды. II компонентін 1821 адам алды.
Естеріңізге сала кетейік, 3 сәуірде Атырау облысында халықты жаппай вакциналау басталды. Атырау облысының әрбір тұрғыны коронавирус инфекциясына қарсы екпені өз еркімен ала алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша емханаға өтінішпен беруі қажет.