Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атырауда бір тәулікте 149 адам коронавирус жұқтырды

642 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 131 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 3 адам анықталды.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында — 3, Индерде 1, Махамбет ауданында — 1, Құрманғазыда — 8, Қызылқоғада — 1, Исатай ауданында — 1адам анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 90 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 159 адам емделіп шықты.


Қазір 674 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 175, №2 облыстық ауруханада -145, фтизиопульманологиялық орталықта — 95, кардио орталықта — 50, аудандық инфекциялық стационарларда – 135 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 42 адам емделуде.


Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button