Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атырауда бір тәулікте 146 адамнан коронавирус анықталды

Өңірде халық арасында коронавирустық инфекция өршіп отыр, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Өткен тәуліктегі мәлімет бойынша, Атырау қаласынан 101 науқас, Теңіз кен орнындағы скрининг нәтижесінде 21 науқастан қауіпті індет табылып отыр.

Аудан тұрғындары арасында да инфекция жұқтырғандар саны өсуде. Жылыой ауданының 7, Қызылқоға ауданының 1, Индер ауданының 3, Құрманғазы ауданының 4, Махамбет ауданының 5, Исатай ауданының 2, Мақат ауданының 2 тұрғынынан Covid-19  індеті белгілі болды.

Коронавирустық инфекциясы бар 68 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 65 науқас сауығып шықты.

Қазіргі уақытта 725 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада — 183, облыстық аурухананың инфекциялық стационарында — 23, аудандық инфекциялық стационарларда — 89 науқас ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 165 адам ем қабылдауда.

Айта кетейік, Атырау облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл» аймақта қалып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button