Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атырауда бір тәулікте 140 адамнан коронавирус анықталды

Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны өсуде, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында 101 адам, ал скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 12 науқастың Covid-19 инфекциясын жұқтырғаны расталды.

Соңғы тәулікте Жылыой ауданының 8, Қызылқоға ауданының 2, Индер ауданының 8, Құрманғазы ауданының 3, Махамбет ауданының 1, Исатай ауданының 2 және Мақат ауданының 5 тұрғынында қауіпті індет анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 83 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 97 адам емделді.

Қазіргі уақытта 1149 адам үй жағдайында, 168 адам модульдік ауруханада ем алуда. Қазіргі уақытта 1149 адам үй жағдайында, 168 — модульдік ауруханада, 95 — облыстық аурухананың инфекциялық стационарында, 59 — фтизиопульмалогиялық орталықта, 141-аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 160 адам емделуде.

Айта кетейік, Атырау облысы — коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта.

3

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button