Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атырауда бір тәулікте 102 адамнан коронавирус анықталды


«Соңғы тәулікте Атырау облысында коронавирустық инфекция жұқтырған 102 адам анықталды, 159 адам емделіп шықты» деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Вирус жұқтырғандардың арасында Атырау қаласынан 75 науқас, скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 14 науқас анықталды.
Сондай-ақ, соңғы тәулікте Covid-19 Жылыой ауданынан 2 , Индер ауданынан 1, Құрманғазы ауданынан 9 және Исатай ауданынан 1 адамнан анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 42 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Ал, өткен тәулікте 159 науқас сауығып шықты.

Қазіргі уақытта 459 адам үй жағдайында, 178 адам модульдік ауруханада, 70 науқас аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 202 адам емделуде.
Айта кетейік, Атырау облысы коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша “қызыл” аймақта тұр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button