COVID-19: Соңғы поштадан...
Атырауда 5 мыңға жуық құқық қызметкерлері COVID-19-ға қарсы екпе алды
Өңірде халықты COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
4 қараша бойынша, Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентін 449 жергілікті тұрғын алды.
2021 жылғы 1 ақпан мен 4 қараша аралығындағы кезеңде барлығы 241 823 адам COVID-19ға қарсы вакциналарының I компонентімен егілді, оның ішінде 1994-і — полиция қызметкері, ал 3664-і — құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Вакциналардың II компонентін 218 551 жергілікті тұрғын алды.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады:
98 — 02 — 92