COVID-19: Соңғы поштадан...
Атырауда 22 жүкті әйел қауіпті індетпен ауырып жатыр
2021 жылғы 26 қазандағы жағдай бойынша Атырау облысында 22 жүкті әйел коронавирустық инфекциямен ауырып жатыр, оның 12-і инфекциялық стационарларда ем алуда, 10-і амбулаториялық емделуде.
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада, COVID-19 індеті 99 баладан анықталды, олардың 2-і инфекциялық стационарларда ем алуда, 97-і амбулаториялық емделуде.