Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...

Атырауа бір тәулікте 86 тұрғыннан коронавирус анықталды

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 86 науқас анықталды, — деп хабарлайды atr.kz

 Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау қаласында 56 адамнан, скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 13 науқастан қауіпті індет анықталды. Сондай-ақ, Жылыой ауданында 4, Индер ауданында 2, Исатай ауданында 3, Қызылқоға ауданында 1, Мақат ауданында 2, Махамбет ауданында 5 адамнан шығып отыр.

48 науқаста ауру тиісті белгілермен, ал 38 адамда симптомсыз түрде өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 478 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 3 028 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада — 151, екінші облыстық ауруханада – 135 пациент, фтизиопульмонология орталығында — 61, кардиоорталықта — 13, т/ж ауруханасында — 14 пациент, облыстық ауруханада — 11, жатақханаларда — 33, аудандық инфекциялық стационарларда — 147 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда — 136 адам.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта қалып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button