i

Атырау «жасыл аймақта»: Өткен тәулікте коронавирус 48 адамнан анықталды

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар Медицина
9 / 100

Атырау облысында өткен тәулікте 48 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 14-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 29 жұмысшыдан,  Құрманғазы-2, Индер-2, Махамбет  ауданында 1  адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 11-інде ауру симптомды түрде өтуде.
 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 62  адам  емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 188 адам үй жағдайында емделуде. 


Облыстық инфекциялық стационарда  75  науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 25, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 317 адам оқшауланып, инфекциялық стационарда ем қабылдауда.


Айта кетейік,  қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты бүгін, төртінші күн- Атырау облысы «жасыл» аймақта тұр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған