COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Атырау «жасыл аймақта»: Коронавирустан 1 тәулікте 55 адам емделіп шықты
Өткен тәулікте 24 адамнан қауіпті індет анықталды, деп хабарлайды Atr. kz
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 4 адам тіркелген. Ал, Теңіз кенішінде 19 адам тіркелсе, Жылыой -1, Индер ауданында 2 адамнан инфекция анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған 7 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.
Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 55 адам емделіп шықты.
Айта кетейік, қазіргі уақытта 105 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 61 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 17 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 242 адам ем қабылдауда.