Атырау «сары аймақта»: Өткен тәулікте коронавирустан 200 адам емделіп шықты
«Соңғы мәліметке сәйкес, қазір 312 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 77 науқас, аудандардағы инфекциялық стационарларда 32 адам ем қабылдауда» , — деп хабарлайды Atr.kz Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.
Атырау облысында өткен тәулікте 31 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 9-ы Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 17 жұмысшыдан, Құрманғазы-3, Мақат-1, Жылыой ауданында 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 10-ында ауру симптомды түрде өтуде.
Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «сары аймаққа» енді.