COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Атырау «сары аймақта»: Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 93 адам емделіп шықты
«Соңғы мәліметке сәйкес, қазір 269 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 75 науқас, аудандардағы инфекциялық стационарларда 29 адам ем қабылдауда» , — деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
Атырау облысында өткен тәулікте 47 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 18-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 26 жұмысшыдан, Исатай-1, Жылыой ауданында 2 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 15-інде ауру симптомды түрде өтуде.
Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «сары аймақта» тұр.