
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Атырау «сары аймақта»: 41 адамнан коронавирус анықталды
«Коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығына байланысты, Атырау әлі де «сары аймақта» келеді» деп хабарлайды Atr.kz
Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 41 адам анықталды. Олардың 15-і Атырау қаласының тұрғындары.
18 науқас Теңіз кенішінде, 2 науқас Жылыой ауданында, 3 науқас Индер ауданында, 1 науқас Исатай ауданында және 2 науқас Мақат ауданында анықталып отыр.
«15 адамда инфекция симптомды түрде өтуде. Өткен тәулікте қатерлі дерттен 19 адам сауығып шықты» делінген Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі таратқан мәліметте.