1 16

Атырау «қызыл аймақта»: өткен тәулікте 82 адамда коронавирус анықталды

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар
9 / 100

Атырау облысында өткен тәулікте 82 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 16-сы Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 58 жұмысшыдан,  Жылыой-3, Қызылқоға-1, Индер -1, Құрманғазы ауданында 3  адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 12- інде ауру симптомды түрде өтуде.
 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 92  адам  емделіп шықты.


Қазіргі уақытта 149 адам үй жағдайында емделуде. 
Облыстық инфекциялық стационарда  101  науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 39,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 821 адам оқшауланып ем қабылдауда.


Айта кетейік,  қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «қызыл аймақта»  қалып отыр. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған