Атырау «қызыл аймақта: бір тәулікте 89 адамнан коронавирус анықталды
«325 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда» деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 52 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 5 адам анықталды.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында — 5, Индерде 4, Исатай ауданында — 8, Қызылқоғада — 6, Махамбет ауданында — 2, Құрманғазыда 1, Мақат ауданында.- 6 адам анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 53 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 30 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 404 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 114,
№2 облыстық ауруханада -97, фтизиопульманологиялық орталықта -6, аудандық инфекциялық стационарларда – 43 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 43 адам емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймаққа өтті.