Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атырау «қызыл аймақта»: 103 адамнан коронавирус анықталды

Атырау облысында коронавирустық инфекциямен ауырғандар саны өсуде, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Өткен тәулікте Атырау қаласынан қауіпті індет жұқтырған 79 науқас тіркелген. Ал, Теңіз кен орнындағы скрининг нәтижесінде 16 науқастан инфекция табылды.

Сондай-ақ, Жылыой ауданынан 4, Индер ауданынан 10, Құрманғазы ауданынан 2 адамнан коронавирус анықталған.

Коронавирустық инфекцияға шалдыққан 45 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 69 науқас сауығып шықты.

Қазіргі уақытта 454 пациент үй жағдайында, 175 адам модульдік ауруханада, 55 науқас аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 255 адам емделіп жатыр.

Айта кетейік, Атырау облысы — коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша “қызыл”аймақта.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button