COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Атырау қаласы қайта карантинге жабыла ма?
«Бұл сұраққа облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Амантай Жұмағалиев жауап берді» деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Күні бүгін аурушаңдықтың көрсеткіші қатаң шара алуға жеткен жоқ. Дегенмен, Атырау облысы, қала тұрғындары мен қонақтарынан сақтық, шектеу шараларын қатаң сақтауды сұраймын. Мерекелік шараларға қатысып, ұйымдастырудың қажеті жоқ. Сақтану шараларын қатаң ұстану арқылы ғана қауіпті індеттің таралуын тоқтата аламыз» деді Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Амантай Жұмағалиев.