Атырау облысында соңғы тәулікте COVID-19 -дан 1 науқас қайтыс болды

d160f28b 41fb 4270 b93b cff69913bd42 COVID-19: Соңғы поштадан...

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 3 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 3 жағдайы расталды. Коронавирустық инфекциясы бар 3 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.  

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 6 адам емделді.

Қазір 62 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 49, аудандық инфекциялық стационарларда – 15, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 4 науқас ем алуда. Соңғы тәулікте COVID-19 – дан 1 науқас қайтыс болды.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы – «жасыл» аймақта.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз