Атырау облысында өткен тәулікте 65 адамнан коронавирус анықталды
Атырау облысының эпидемиологиялық-санитариялық бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, өткен тәулікте 121 адам қауіпті індеттен жазылып шықты, — деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
Қазіргі уақытта 265 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 98 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 37, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 627 адам ем қабылдауда.
Сәйкесінше, бұл тәулікте облыста 65 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 13-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 42 жұмысшыдан, Жылыой -2, Махамбет -1, Құрманғазы ауданында 7 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 22-інде ауру симптомды түрде өтуде.