89 науқас реанимацияда: Атырау облысында бір тәулікте 470 адамнан коронавирус анықталды
«Исатай ауданында аурудың күрт өсуі байқалады» деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 470 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 302 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 30 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 40 науқас, Индер ауданында — 18, Исатайда — 31, Қызылқоға ауданында — 12, Құрманғазы ауданында — 19, Мақат ауданында — 10, Махамбет ауданында — 8 адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 332 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 138 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 283 адам емделді.
Қазір 6 564 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада — 194, екінші облыстық ауруханада – 190 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта — 95, кардиоорталықта — 100, т/ж ауруханасында — 107 адам ем алуда,
аудандық инфекциялық стационарларда — 419, облыстық ауруханада — 137, жатақханада — 126, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда — 409 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.