Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

60 адам емделіп шықты: Өткен тәулікте Атырау облысында 94 адамнан коронавирус анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте 94 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Аtr.kz

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 24-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 60 жұмысшыдан,  Жылыой ауданынан — 3, Махамбет ауданынан — 1,  Мақат ауданынан — 2,  Құрманғазы  ауданынан 4 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 15-інде ауру симптомды түрде өтуде.


 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 60 адам  емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 420 адам үй жағдайында емделуде. 
Облыстық инфекциялық стационарда  81
 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 28 адам  емделуде. 

Айта кетейік,  қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «қызыл аймақта»  қалып отыр. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button