Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

21 адам реанимацияда: Атырауда бір тәулікте 60 адамнан коронавирус анықталды

«325 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда» деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 45 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 2 адам анықталды.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында — 3, Индерде 1, Исатай ауданында — 3, Қызылқоғада — 2, Махамбет ауданында — 1,Құрманғазыда 2, Мақат ауданында.- 2адам анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 36 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 53 адам емделіп шықты.


Қазіргі уақытта 339 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 112,
№2 облыстық ауруханада -99, фтизиопульманологиялық орталықта -10, аудандық инфекциялық стационарларда – 65 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 39 адам емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «сары» аймақта қалып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button