COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
№2 Атырау облыстық ауруханасы көшіріле ме?
№2 Атырау облыстық ауруханасына онкологиялық диспансерді көшіруге облыс әкімі бұйрық шығармады, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы брифингте облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев мәлімдеді.
- Бұл мәселе талқылану үстінде. Облыс әкімі бұйрық шығармады. Модульді жұқпалы аурулар ауруханасы арнайы инфекциялық ауруларға арналып салынды. Өңірде коронавирус инфекциясы белең алғаннан соң, науқастар №2 Атырау облыстық ауруханасында және модульді жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдауда. Алайда, инфекциялық аурумен ауырған науқастар қала сыртында ем алу керек. Өйткені ол қауіпті. Ал, балаларды сыртқа апару мәселесіне байланысты облыстық балалар ауруханасына алдағы уақытта 100 орын төсекке инфекциялық бөлім салуға жоспарлап отырмыз, — деді Асхан Байдуалиев.