Атырауда карантин жағдайындағы мемлекеттік қызмет мәселесі талқыланды

COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/16 мамыр, 2020 жыл. «Карантинге байланысты мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларының сақталуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.


Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Атырау облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен онлайн форматта өткен жиында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі уәкілі З. Байгаскина «Әдеп жөніндегі уәкілдері қызметінің кейбір аспектілері туралы», Атырау облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ф. Ахметова «Әлемде ақпарат таратудың шапшаңдығының артуы, медиа жүйесінің дамуы тенденциясында мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен қарым-қатынасы (соның ішінде әлеуметтік желілерде)» туралы, Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бөлім басшысы А. Бекешева «Карантин кезіндегі Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қаулыларының мемлекеттік қызметшілер тарапынан орындалуы туралы» тақырыбында баяндама жасады.

Сонымен бірге, Жылыой, Махамбет аудандары әкімдіктерінің Әдеп жөніндегі уәкілдері карантин кезіндегі мемлекттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы жөнінде ақпарат берді.


Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері осындай сын сағатта, өздеріне жүктелген міндеттерін абыроймен атқарғандығы, төтенше жағдай кезіндегі жинақталған ұйымдастырушылық, түсіндіру жұмыстарының әрі қарай да қарқынды жалғасатыны айтылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған