ҰҢҒЫМАДАН ГАЗ ШЫҒЫП КЕТТІ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі жетекшісі Самал Әбірованың айтуынша, өткен сенбіде таңғы 06.00 сағат шамасында Қызылқоға ауданының территориясында бұрғылау жұмыстары жүріп жатқан Мәтен кен орнындағы №312 ұңғымада апат болды. Яғни, 485-383 метр аралығында тұрбалардың ажырап кетуі сбұрғылау тұрбасын көтеру кезіндеалдарынан газ шығып кеткен.

 

 

Апат туралы хабар жеткен бойда «Ақ берен» атқыламаға қарсы қызмет құрылымының 13 жауынгері Атыраудан 170 шақырым жерде орналасқан ұңғымаға арнаулы көліктермен жолға шықты. Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев пен төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысы Болатбек Омаров та тікұшақпен шұғыл жетіп, қалпына келтіру жұмыстарына жедел басшылық жасады.

Осындай бірлескен әрекет нәтижесінде жексенбіде ұңғымадан атқылап жатқан газ бұғалықталып, апат ауыздықталды. Қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 30 адаммен сегіз арнаулы техника қатысты. Қазір экологтар өорша,ан ортаға келтірілген залалды анықтауда.

М. БАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз