ҚЫЛМЫС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАП, СЫЙАҚЫ АЛДЫ

Атырау облысында сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы хабарлаған үш адам ақшалай сыйақыға ие болды. Жергілікті ЭСЖКД (қаржы полициясы) баспасөз хатшысы Алтынай МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, оның көлемі 121 170 теңгені (70 АЕК) құрайды.

Былтырғы жылдың тамызында ел Үкіметі сыбайлас жемқорлық дерегі туралы хабар берген, немесе өзге жолмен жәрдемдескен жандарды көтермелеу шараларын бекіткен болатын. Осынау құжатта қылмыс жасап, іздеуде жүрген адамдар хақында ақпарат айтқан, жемқорлықтың жолын кескен, алдын алғандардың да елеусіз қалмайтындығы баяндалған еді. Оларға заң жолымен ақшалай сыйақы берілуі де көзделген-ді. 
Тың бастама өмірге енгізілгеннен бері біздің облыста тұрғындардан 11 арыз түсіпті. Қаржы полициясының өкілдері баяндағанындай, түскен арыздар бойынша қылмыстық істер қозғалған.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз