Жарнама
Білім

Жылыой ауданында осы оқу жылында 62 маман жұмысқа орналасты

Бұл туралы Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ауданда 20 жалпы орта білім беретін мектеп жұмыс істесе, мұндағы оқушылар саны – 18474. Ал мектепке дейінгі тәрбие жүйесіндегі аудан бойынша 24 балабақшада 4686 бала тәрбиеленіп отыр. Оған қоса, мектеп жанындағы 23 шағын орталықта 352, мектеп алды даярлық сыныптарында 1556 бала білім алуда.

-Мектептен тыс 4 мекеме, яғни саз мектебі, өнер мектебі, балалар және жасөспірімдердің дене шынықтыру спорт клубы, Құлсары балалар жас техниктер станциясы жұмыс істейді. Қосымша біліммен 4396 оқушы қамтылған. Қосымша біліммен қамтуды көбейту мақсатында «Үміт» жеке меншік орталығы ашылып, 145 баланы қамтыды. Мектептер 100 пайыз интернет жүйесіне қосылған. Ауданның білім беру саласында барлығы 1745 мұғалім жұмыс жасаса, осы оқу жылында 62 маман жұмысқа орналасты,- деді Ж.Қаражанов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button