Жарнама
Білім

Жылыой ауданында 600 орындық мектептің құрылыс жұмыстары басталды

Құлсары қаласының Береке ықшам ауданында 600 орындық мектептің құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мектеп «Теңізшевройл» компаниясының «Игілік» жобасы аясында салынуда. Мердігер мекеме «АВС-Лимитед» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

-Құрылыс жұмыстары осы жылдың мамырында басталды. Келер жылдың желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде. Бүгінде құрылыстың алғашқы жұмыстары, яғни жерді тегістеу жүргізіліп, қадалары қағылуда. Мұнда 700-ден астам тұрғыны бар Береке ықшам ауданының балаларымен қатар 1500 тұрғыны бар СМП-224 мөлтек ауданының балалары да оқитын болады. Қазіргі уақытта 35 қызметкер мен 10 техника қызу жұмыс үстінде,- деді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Әнуар Шәкіров.

Оның айтуынша, көлемі 3554 шаршы метр болатын екі қатарлы оқу ғимаратында заманауи үлгідегі асхана, мәжіліс залы, спорт зал, кітапхана және спорт алаңы қарастырылған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button