Жарнама
Білім

Жыл басынан бері өңірде 7780 оқушыға атаулы көмек берілді

Бұл туралы Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова мәлім етті деп, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Көмек киім кешек, оқу-құралы түрінде және соңғы өзгерістерге сәйкес мектеп формасы үшін 7 ауданның оқушыларына қаржылай берілді. Ал Атырау қалалық білім бөліміне қарасты мектептердегі оқушылар үшін берілетін 326 млн теңге қаражатқа сұраныс жіберілді. Жергілікті бюджет есебінен қаражат бөлінгеннен кейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, атаулы әлеуметті көмек алуға құқығы бар отбасынан шыққан, шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай көмек ата-аналардың есеп шотына аударылатын болады.

— Атырау облысында 1-4 сыныпта 65 мың оқушы, атаулы көмек алатын отбасыдан шыққан 2000 жоғары сынып оқушысы мен 61 студент бір мезгіл ыссы тамақпен қамтылған, деді А.Дүйсекенова.

Аталған әлеуметтік көмекті әр бала тек жылына бір мәрте ғана алуға құқылы. Атаулы көмектің заң аясында жүзеге асырылуы жергілікті басшылық және білім басқармасының тұрақты бақылауында болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button