Теннистен республика чемпионы, волонтер Аделина әлемнің үздік қос университетіне тегін оқуға жолдама алды

whatsapp image 2020 03 31 at 14.49.36 Білім

Atr.kz/31 наурыз, 2020 жыл. Нұр-сұлтан қаласындағы Халықаралық бакалавриат мектебінің 12 сынып оқушысы Аделина Елемесова АҚШ-ң беделді 8 жоғары оқу орнының қауымдастығына кіретін екі бірдей университке оқуға түсті.

Наурыз айы Елемесовтер отбасы үшін қуанышты әрі тарихи ай болып есте қалмақ. Назарбаев Зияткерлік мектебін тәмамдайтын Аделинаға әлемнің жетекші мемлекеттерінен жақсы жаңалықтар жетті. Жоғары оқу орындарына ұсынылған құжаттар негізінде елордалық оқушы Плющ Лигасының Колумбия және Корнелл сияқты әйгілі университеттеріне ресми қабылданды.

Сонымен қатар талапты жас Американың Northwestern University және Amherst College білім беру мекемесіне де шақырту алған. Ол аз болғандай Сингапурдың YaleNUS, Қытайдың Duke Kunshan University университеттері де қазақстандық түлектің қабілеттеріне қызығушылық білдіріп отыр.

Бүгінгі күні Аделина қай университетті таңдайтынын шешуде. Бойжеткен өзінің мамандығын нанотехнологиялар және жасанды интеллектпен байланыстыратынын айтады.

Аделина Елемесова – еріктілер қозғалысының және TED’x жобалардың белсенді қатысушысы, теннистен қалалық және республикалық турнирлердің чемпионы.

«Atr-Ақпарат»

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauly%d2%9b-zhastardy%d2%a3-ar%d2%9basynda-zha%d2%93dajy-zho%d2%9b-zhan%d2%b1yalar-baspanaly-boldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз