Білім
Жуырда Атыраудағы мектеп-гимназия қайта пайдалануға беріледі
Атырау қаласындағы «Авангард-2» шағынауданында орналасқан Қ.Сәтбаев атындағы №19 мектеп-гимназиясында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Білім ордасы 14 қазаннан бастап пайдалануға беріледі, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-Білім ордасында 1 мыңнан аса оқушы білім алатын болады. І, ІІ ауысым өзіміздің оқушыларды қамтыса, үшінші ауысымда №30 мектеп-гимназиясының 5-11 сынып аралығындағы орыс тілді сыныптар оқиды. Оқу кабинеттері білім беру процесін жүргізуге дайын, — деді №19 мектеп-гимназиясының директоры Ақылбек Мырзағалиев.
Айта кетейік, мұнда жалпы 40 оқу кабинеті, 2 спорт зал мен 120-дан аса оқушыға арналған асхана бар.