Жарнама
Білім

Жасанды интеллект – Қазақстанның экономикалық серпілісіне бастар жол

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасанды интеллектті дамыту туралы айтқан нақты ұстанымдары мен бастамаларын толығымен қолдаймын. Президент ЖИ-ді еліміздің инновациялық дамуының тірегі деп атап, өте маңызды әрі дер кезінде көтерілген мәселені алға тартты. Бұл – Қазақстанның алдағы онжылдықтағы стратегиялық бағыттарының бірі.

Президенттің «Қазақстан алдағы бес жылда цифрлық мемлекетке айналуы керек» деген сөзі – жай ұран емес, елдің жаһандық технологиялық бәсекеге қабілетті болуына бағытталған жүйелі мақсат. Қазіргідей қарқынды дамып келе жатқан цифрлы дәуірде уақытты созып отыру – артта қалу деген сөз.

Жасанды интеллектті енгізудің пайдасы қандай?
Ең алдымен, ЖИ экономиканың нақты секторын жаңғыртуға көмектеседі. Бұл – өндірістік тиімділікті арттыру, шығынды азайту, сапаны жақсарту.
Кәсіпорындар мен индустрияларға интеллектуалды шешімдер енгізу – Қазақстанды жаңа индустриялармен таныстырады.
ЖИ-дің көмегімен болжамды аналитика, автоматтандыру және процестерді оңтайландыру сынды бағыттар бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Президенттің ірі кәсіпорындарға ЖИ енгізу жөнінде нақты тапсырма беруі – бұл саланың тек IT-мамандарға емес, барлық салаларға ортақ екенін айқындап отыр. Бұл орайда «Самұрық-Қазына» қорымен тығыз жұмыс істеу арқылы нақты экономикалық тиімділікке қол жеткізуге болатыны сөзсіз.

Президент стратегиялық құжат әзірлеуді тапсырды. Бұл құжат тек декларативті сипатта ғана емес, нақты бағыттар, мақсатты көрсеткіштер мен бақылау механизмдерін қамтитын іс жүзіндегі жол картасына айналуы тиіс.

Сондай-ақ кадр даярлау мәселесіне ерекше көңіл бөлінгені – құптарлық. Себебі технологияны дамыту үшін адам капиталына инвестиция салу – басты басымдық.

Қазіргі таңда жасанды интеллект – жай құрал емес, жаңа индустриялық төңкерістің өзегі. Қазақстан бұл толқыннан қалмай, керісінше, алдыңғы қатардан орын алуы тиіс. Ол үшін бүгін басталған әрбір іс нақты нәтижеге бағытталуы қажет.

Жасанды интеллект – тек технология ғана емес, ол – ұлттың болашағына салынған негіз. Атырау облысында жас буынды осы бағытқа баулу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Мәселен, «JasUp» білім беру жобасы аясында былтыр екі ай жасанды инттелект курсы тегін оқытылса, биыл да бұл жұмыс жалғасын тауып жатыр. Жуырда балалар екі ай бойы осы курсты оқып тәмамдап шықты. Өз кезегінде екі айлық курс тағы да жалғасады.

Асқар АЛДАН,

цифрлық технологиялар сарапшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button