Жарнама
Білім

Жас педагогтар «Ustaz hub» форумында тәжірибе алмасты

Бүгінде Атырау қаласындағы 68 білім беру мекемесінде 7 860 педагог бала жүрегіне білім шамын жағып жүр. Орта білім беру орнында 1396-ы жас ұстаз болса, балабақшада 398 жас тәрбиеші, сондай-ақ қосымша білім беру мекемелерінде 107 жас маман қызмет етеді. 2022-2023 жылдар аралығында – 196 жас маман жұмысқа қабылданса, 2023-2024 жылы бұл көрсеткіш үш есеге артып, жас маман саны 607-ге жетті. Ал биыл жаңа оқу орнын аяқтап келген 389 түлек жұмысқа орналасты. 68 мектептің алтауында жас басшылар абыройлы еңбек етуде. Бұл туралы Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова «Ustaz Hub» ұстаздар форумында айтты. Бұл ауқымды іс-шараға 500-ге жуық педагог қатысты.

– Жобаның негізі 2023 жылғы желтоқсанда қаланды. Әлеуметтік бастаманың ұйымдастырушылары – мұғалімдердің біліктілігін арттырумен айналысатн «Qundylyq.kz» және «Ustaz.pro» орталықтары. Атыраулық жас мұғалімдердің бір ерекшелігі — олар тек білім беріп қана қоймай, өздерін үздіксіз дамытып, білім мен тәжірибе алаңдарында биіктен көрініп келеді. Республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі педагогикалық оқуларда жүлделі орындар алып, өздерінің әдістемелік шеберлігін дәлелдеп жүр. Олардың шәкірттері де түрлі пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобаларда, спорттық және шығармашылық сайыстарда топ жарып келеді. Жас мұғалімдердің бұл табысы – өңірдегі білімнің өсіп-өркендеуіне қосылған зор үлес, — деді жиында құттықтау сөз сөйлеген «Білім – Инновация» Халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті Акбар Новаров.

Шеберлік сабақтары аясында мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып қана қоймай, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерімен және технологиясымен танысты. Сондай-ақ білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Суреттер: Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button