Жарнама
Білім

Жаңа оқу жылында шәкіртақы өседі

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес студенттердің шәкіртақысы жоспарлы түрде өсірілуде. Өткен жылдың қыркүйегінде 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы 50%-ға өскен болатын, ал биылғы қыркүйекте енді 300 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы тағы 50%-ға артады.

Елміздің Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік тапсырыс көлемі де жыл сайын өсуде. Бүгінде 145 мың грант бөлінген болса, оның 65%-ы техникалық мамандықтарға бағытталған.

Айта кету керек, колледждердің материалдық-техникалық базасы да қарқынды түрде жаңаруда.

Мәселен, 2024 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша 104 колледждің білім беру инфрақұрылымы жақсартылды. «Бұл өткен жылдың көрсеткішінен екі есеге жоғары. Сондай-ақ, 2103 орынға арналған 8 жатақхананың құрылысы жүруде» — делінген хабарламада.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button