Жарнама
Білім

Жаңа оқу жылы жаңа міндеттермен басталады

Әр жыл сайын дәстүрлі түрде тамыз айында өткізілетін педагогтердің облыстық конференциясы білім саласының дамуына жаңа серпін береді. Бұл жылы «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында өткен ауқымды шара педагогтер, басқарма басшылары, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының басшылары және сала ардагерлерін бір арнаға тоғыстырды.

d953523d cdb4 4f48 ab28 007b001c3734 1

Конференция Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнімен басталып, LED экран арқылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім саласындағы бастамалары туралы бейнематериал көрсетілді. 

Ресми бөлімде облыстық білім басқармасыныңбасшысы Марат Әбуов жаңа оқу жылының басым бағыттары мен өңірде атқарылған ірі жобаларды баяндады. Сөз кезегі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашевқа беріліп, ол өз баяндамасында еліміздің орта білім жүйесін дамытудағы жаңашылдықтар мен алдағы міндеттерге тоқталды.

2e703556 5de1 4f6c a67a bb65c2c0105b

Пленарлық отырыста Келешек мектеп директоры Амангүл Баймұханова, Астана қаласының Бином Сәтпаев School мектебінің директоры Құралай Байтажикова, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Атырау филиалы директоры Маржан Ғалымжанова және Атырау политехникалық жоғары колледжінің директоры Бақыт Шеркешбаева сөз сөйледі. Әр спикер өз тақырыбы бойынша мектептерде қолданылып жатқан заманауи әдістер, цифрлық шешімдер мен кәсіби білім беру үрдістері туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

3527ed37 b729 4b3c 8e52 91ecb5ebb9bc

Конференция барысында облыс әкімі Серік Шәпкенов ұстаздардың еңбегін жоғары бағалап, білім саласында жүзеге асырылған жобалардың нәтижелі болғанын атап өтті. Ол білім алушылар мен мұғалімдерге қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарға тоқталып, жаңа оқу жылына дейін 3 Келешек мектебі мен 2 балабақшаның пайдалануға берілетінін, сондай-ақ 11 мектептің құрылысы жүргізіліп жатқанын айтты. Сонымен қатар, апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу, материалдық-техникалық базаны жаңарту және жасанды интеллектіні мектептерге енгізу бойынша нақты тапсырмалар берді.

fe5395a4 f83c 4531 8ff6 32fc30fc6ac0

Облыс әкімінің айтуынша, білім саласындағы ең басты басымдық – тәрбие мәселесі. «Адал азамат» бағдарламасы аясында балалардың қауіпсіздігі мен сапалы білім алуын қамтамасыз ету маңызды. Білім беру ұйымдары 100%-ға бейнекамералар мен дабыл батырмасымен қамтылып, интернетпен толық қамтамасыз етіледі.

39c12a91 fb7e 4abc b301 34d99ec228fe

Конференция марапаттау рәсімімен жалғасып, үздік педагогтер мен білім саласының белсенділері арнайы наградалармен марапатталды. Кеш соңында қатысушылар концерттік бағдарлама арқылы мерекелік көңіл-күйге бөленді.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button