Жарнама
Білім

Жайлы мектептерді «Келешек мектептері» деп атау ұсынылды

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жайлы мектептерді «Келешек мектептері» деп атауды ұсынды.

— Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда бұрын-соңды болмаған, теңдессіз жаңа үлгідегі мектептер салынып жатыр. Ұлттық жоба — білім беру жүйесінде тың әрі ауқымды инфрақұрылымдық бастаманы іске асырудың нәтижесі. Осы орайда, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында елімізде соңғы алты жылда 1 млн-нан аса оқушыға арналған мыңнан аса мектеп салынды. Бұл — Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Атаулы жаңа жобамен салынып жатқан мектептер осы ауқымды стратегиялық бастаманың маңызды бөлігі, — деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндеге брифингте.

Ғани Бейсембаев жайлы мектептердің жай ғана мектеп ғимараттары емес, ұлт болашағы өсіп шығатын киелі білім ордалары екендігін айтады.

— Сондықтан ұлттық жоба аясында қалыптасатын білім ұйымдары «Келешек мектептері» аталатын болады. Бұл ұсынысымыз ұрпағының келешегіне бей-жай қарамайтын азаматтар тарапынан қолдау табады деп сенеміз, — деді ол.

Сондай-ақ Оқу-ағарту министрі «Жайлы мектептердің» ең басты ерекшеліктерін атады.

Марлан ЖИЕМБАЙ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button