Жарнама
Білім

Тағы бір «Жайлы мектеп» ашылды


«Нұра» ауданындағы Е-535 көшесінде орналасқан №100 жаңа мектеп 2 000 оқушыға арналған. Астана әкімдігі Telegram-каналының хабарлауынша, мектептің жалпы ауданы 23 мың шаршы метрді құрайды.

Білім беру мекемесінде заманауи кабинеттер, 450 орындық акт залы, 130 адамға арналған асхана, физика, химия және биология зертханалары, сондай-ақ 4 спорт залы бар.

«Бұл мектеп өзінің материалдық-техникалық базасымен ерекшеленеді. Бүгінгі таңда мектепке 500-ге жуық оқушы қабылданды», — деді мектеп директорының міндетін атқарушы Мұрат Ахметов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда 2025 жылы қанша мектеп автобусы сатып алынатынын жазған едік. 
Абылайхан ЖҰМАШЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button