Жарнама
Білім

UTEBAYEV UNIVERSITY ХЬЮСТОНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ

UTEBAYEV UNIVERSITY әлемдегі ең беделді халықаралық «CERAWeek by S&P Global-2025» конференцияға қатысып жатыр, — деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.

Бұл форум жаһандық энергетика саласының өзекті мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаң болды. Конференцияда энергетикалық қауіпсіздік, климаттың өзгеруі, технологиялық инновациялар мен жасанды интеллекттің рөлі, сондай-ақ индустрияның жаһандық өзгерістерге бейімделу стратегиялары талқылануда.

UTEBAYEV UNIVERSITY бұл маңызды іс-шараға белсенді түрде қатысып, Қазақстанның білім беру жүйесіндегі озық тәжірибелерімен бөлісуде. UTEBAYEV UNIVERSITY ректоры Гүлзада Шакуликова, “Кадрлар даярлау алшақтығын жою: Университеттер студенттерді болашаққа қаншалықты дайындап жатыр?” атты панельдік сессияда сөз сөйледі.

-Бүгінде UTEBAYEV UNIVERSITY білім мен өндірісті тығыз байланыстыруға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бағытта бірнеше озық тәжірибені жүзеге асырып жатырмыз. Оның бірі дуалды оқыту жүйесі. Студенттер теориялық білімді өндірістік тәжірибемен ұштастырып, ротациялық негізде кәсіпорындарда жұмыс істейді. Бұл олардың кәсіби дағдыларын жетілдіріп, еңбек нарығына дайын маман болып шығуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ осы оқу жылынан бастап AI-Sana ұлттық бағдарламасы іске қосылды. Бұл бастама студенттерімізге жасанды интеллект пен цифрлық дағдыларды меңгеруге жол ашады. Біз студенттердің тек жұмысқа орналасуын емес, сонымен қатар саланың болашағын қалыптастыратын көшбасшылар болуын мақсат етеміз. Бұл бағытта университетіміздің бастамалары халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары бағалануда, — деді Басқарма төрағасы-ректор Гүлзада Шакуликова.

«CERAWeek 2025» конференциясы бір апта бойы әлемнің жетекші сарапшыларын жинап, энергетика, технология және тұрақты даму мәселелері бойынша маңызды талқылаулар өткізеді. Форум барысында UTEBAYEV UNIVERSITY өкілдері бірқатар стратегиялық кездесулер өткізіп, шетелдік серіктестермен білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастырады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button