Жарнама
Білім

UTEBAYEV UNIVERSITY Джинцзян технология университетімен меморандумға отырды

Еліміздің индустрия саласының мамандарын даярлайтын іргелі білім ордасының 65 жылдығы аясында университет базасында халықаралық «Каспий тынысы» ғылыми конференциясы өтті. Ғылыми іс-шарада үлкен су бассейндерін сақтау мен дамытуға және Каспий теңізі сияқты үлкен ішкі көлдерді көбейту саласы бойынша ғалымдар баяндама жасады. Іс-шараға Қытай, Әзербайжан, Түркия, Иран, Өзбекстан, т.б. елдердің өкілдері қатысып, баяндама жасады.

Аталған ғылыми конференция аясында университет Джинцзян технология университетімен химия өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық туралы маңызды келісімге қол қойды. Қытайдың Джинцзян технология университеті мен UTEBAYEV UNIVERSITY арасындағы екіжақты ынтымақтастық білім мен ғылымды нығайтуға бағытталған жаңа қадам.

-Бұл келісім ғылым мен білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтып, қос университеттің студенттері мен ғалымдарына тәжірибе алмасуға, бірлескен зерттеу жобаларын іске асыруға, жаңа технологияларды дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, екі оқу орнының арасында жаңа инновациялар мен ғылыми жетістіктерді ілгерілету мақсатында бірлескен зертханалар мен академиялық бағдарламалар құрылуы жоспарланып отыр, — деді Басқарма-төрағасы ректор Гүлзада Шакуликова.

Меморандум аясында университеттер арасындағы студенттер мен оқытушылар алмасу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесе жүргізу, сондай-ақ мұнай-газ саласында тәжірибе алмасу жоспарлануда. Аталған келісім екі ел арасындағы білім беру және ғылыми-техникалық салалардағы серіктестікті одан әрі күшейтіп, жоғары технологиялық салаларды дамытуға ықпал етеді.

Мәлике МӘЛІК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button