Жарнама
Білім

UTEBAEV UNIVERSITY студенттері халықаралық жобаға қатысады

UTEBAEV UNIVERSITY испаниялық Tecnicas Reunidas (TR) компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Меморандум аясында университет студенттері TR компаниясында тәжірибеден өту, кәсіби даму бағдарламаларына қатысу және бірлескен жобаларға атсалысу мүмкіндігіне ие болады.

Аталған университеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жуырда «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ TR компаниясымен бірлесіп, қазақстандық мамандарды инжиниринг және жобаларды басқару саласында Испанияда оқыту бағдарламасын қолға алған болатын. Бағдарламаға еліміздің жетекші техникалық ЖОО да тартылған.

Бүгін UTEBAEV UNIVERSITY ректоры Гүлзада Шакуликова мен Tecnicas Reunidas техникалық директоры Оскар Ломбера мен компания өкілі Фирангиз Маммадова өзара ынтымақтастық туралы келісімге отырды.
Аталған бағдарлама аясында инженерлік мамандықтарда білім алатын 120 қазақстандық түлек Испанияда оқып, TR компаниясының жобаларына әлем бойынша жұмысқа орналасады. Бағдарлама 4 жылға жоспарланған және 2025 жылдың екінші тоқсанында басталады. Әр жыл сайын 30 түлек таңдалып, үш ай онлайн форматта оқығаннан кейін TR компаниясының Мадридтегі кеңсесінде тәжірибеден өтеді. Үміткерлерді алғашқы іріктеу сәуір-маусым айларында өтеді.
Técnicas Reunidas — мұнай-газ, химия және энергетика салаларындағы жетекші инжинирингтік компаниялардың бірі. Атырау облысындағы полиэтилен өндіретін Силлено болашақ зауыттың пиролиз қондырғысын салуға жауапты EPC-мердігерлердің бірі. Биыл наурыз айында кешеннің алғашқы қазығы қағылған болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button