Жарнама
Білім

UTEBAEV кітапханасы – болашақтың білім хабы

UTEBAEV UNIVERSITY кітапханасында “МегаПро” жүйесінің іске қосылуы – біз, студенттер үшін үлкен жаңалық. Бұл оқу үдерісін жеңілдетіп қана қоймай, білімге деген қолжетімділікті едәуір арттырады.

Жаңа жүйе бізге электронды каталогтармен жылдам жұмыс істеуге, қажетті кітаптарды, мақалаларды, ғылыми еңбектерді оңай іздеп табуға, қашықтан кітапхана қорын пайдалануға, оқуға қажетті деректерді жедел және сапалы алуға мүмкіндік беріп отыр.

Әсіресе диплом жұмысы, курстық немесе ғылыми жоба жазу кезінде уақытты тиімді пайдалануға және қажетті әдебиетті дәл табуға таптырмас көмек. Бұрын бір кітапты іздеп сөрелерден сағаттап қарасақ, енді бірнеше секундта электронды түрде таба аламыз.

Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген “барлық салада цифрландыруды тереңдету және цифрлық сервистерді кеңінен енгізу” туралы тапсырмасымен толық үндеседі. Президент айтқандай, білім мен ғылым цифрлық трансформациясыз алға баспайды. Міне, біздің университет осы бағыттағы нақты нәтижесін көрсетіп отыр.

Осы орайда, UTEBAEV UNIVERSITY басшылығына, ғылыми кітапхана ұжымына және осы жобаны жүзеге асыруға атсалысқан барлық мамандарға студенттер атынан зор алғысымды білдіремін! Бұл – сапалы білімге бастайтын жолдың жарқын көрінісі.

Ару АЗАМАТҚЫЗЫ,

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің студенті

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button