Жарнама
Білім

Ұстаздарға құрмет көрсетілді

Бүгін  «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов Атырау жоғары медициналық колледжіндегі  «Аманат» бастауыш партия ұйымының  мүшелері мен ұжымды 5-қазан ұстаздар күні мерекесімен құттықтады. 

Жетпіс жылдан астам тарихы бар, осы жылдар ішінде аймақтың медицина қызметкерлерін дайындап келе жатқан оқу орнының аймақ үшін орны ерекше. Колледждегі жиында  филиал төрағасы Абдолла Хамиұлы колледж директоры Лаура Кубаева және ұстаздар Айнагүл Досжанова, Гүлшат Сайжанова, Кнамаева  Алиса және Айболат Сексенбаевтарды «АMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының Алғыс хатымен марапаттады.

5f691953 ec89 417b 9801 f2c1e179bb87

 

-Ұлттың саналы ұрпағы, ел болашағының даңғыл жолы қашан да сіздерден бастау алады.  «Ұстаз болу өз  уақытыңды  аямай, өзгенің  бақытын  аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай, аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымы, сіздер барлық құрмет-қошеметке лайықтысыздар.  

Ұстаздар қауымы қоғамдағы ең белсенді жандар. Атырау облысы бойынша 10 мыңға жуық мұғалім «AMANAT» партиясының  мүшесі болса, осы колледждің 50-ге жуық ұстазы «Аманат» бастауыш партия ұйымының мүшелері. 

Бүгінгі төл мерекелеріңізбен  құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық табыс, толағай жетістіктер тілеймін, — деді ол. 

Өз кезегінде сөз алған ұжым мүшелері жүрекжарды алғыстарын айтып, жиын соңы колледж өнерпаздарының концертіне ұласты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button