АТЫРАУДАҒЫ «ӨРЛЕУ» БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ

img 20220725 wa0047 Білім

Атыраудағы «Өрлеу» кәсіби даму институтында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің білімін жетілдіру курсы мәресіне жетті. Ағымдағы айдың 11 мен 22 шілде аралағында қалаға қарасты (26) балабақша тәрбиешілері мен әдіскерлері «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» тақырыбында екі апталық курсқа қатысты.

Сала мамандары баламен жұмыс істеуде ойын жаттығуларын сапалы ұйымдастыру, жекелей тәрбиешілік құзыретті дамыту, циклограмма құру және нормативтік-құқықтық құжаттар аясында балабақша тәрбиешісінің жұмысын ұйымдастырудың тиімді амалдарын қарастырды. Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Жанаргүл Арыстанғалиева курста балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сабақ жоспарын құру, дидактикалық тапсырмалар әзірлеуге басымдық жасағанын айтады. Әсіресе, сюжеттік-рольдік ойындар, үстел ойындары, театраландырылған қойылымдар мен зияткерлік ойды дамытатын тапсырмалар баланың ерте дамуына, тұлғалық қалыптасуына оң әсер ететінін тілге тиек етті.

Сондай-ақ семинар бағдарламасына сәйкес курс қатысушылары «Бірлік» селосында орналасқан № 33 «Көркемай» бөбекжай-бақшасының бірегей әдістемелерімен танысты. Олар «Асық терапиясы» жөнінде мағлұмат алып, асықты күнделікті оқу-тәрбие жұмысында кәдеге асырудың тәсілдерін меңгерді. Аталған білім беру мекемесінің директоры Гүлбану Қонаева ұлттық ойындар арқылы баланың танымдық қабілетін арттыру, ұсақ-қол моторикасы мен зейінін тұрақтандыруда асықтың мүмкіндіктері жайында сыр бөлісті:

– Асық ата-бабамыздан қалған асыл мұра. Оны мектепке дейінгі барлық білім беру ұйымдарында енгізу қажет деп санаймын. Осылайша ұлттық мұрамыз бен салт-дәстүрімізді қайта жаңғыртуға болады. Асықпен ойнаған баланың дүние танымы кең, тілдік құзыреті ерте дамиды. Сол себепті біз өз тәжірибемізді өзге де әріптестерге таратуға әзірміз, – деді бөбекжай бақшасының директоры Гүлбану Қонайқызы.

         Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында сапалы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға арналған семинар педагогтардың сертификаталуымен қорытындыланды.

img 20220725 wa0046
img 20220725 wa0049 2
img 20220725 wa0048
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз