Жарнама
Білім

Университет ректоры жұртшылық алдында есеп берді

Биылғы оқу жылында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне 2755 жас оқуға қабылданды. Оның ішінде 792 білім алушы оқуға гранттық негізде таңдалған. Бұл туралы Респбулика күні қарсаңында өткен аталмыш жоғары оқу орны басқарма төрағасы-ректорының есеп беру жиынында белгілі болды.

 –Былтыр түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 87 пайызды құрады. Шетелден шақырылған профессор бағдарламасы аясында 6  шетелдік ғалым дәріс берді.  19 көптілді бағдарлама іске асты. 5 әріптесіміз республика бойынша ең беделді байқау болып табылатын «ЖОО үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы атанды,-деген университеттің басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов өз жұмысын дамыту және саралу мақсатында білім ордасы рейтингтерге қатысып отыратынын жеткізді. Атап айтқанда, IQAA-RANKING агенттігі өткізген Қазақстанның үздік жоғары оқу орындары ұлттық рейтингісінде өткен жылы 10 орында, 2021 жылы халықаралық GREEN METRIC рейтингісінде  әлемнің 956 университеті арасында 529-орынға ие болды. 

Сондай-ақ, былтыр «АТАМЕКЕН» ұлттық рейтингісінде  университеттің 3 білім бағдарламасы ТОП 3-ке, 5 ББ ТОП 5-ке, 8 ББ ТОП 10 – да орналасты. 

Халықаралық WEBOMETRICS RANKING OF WORLD UNIVERSITIES рейтингте университетіміз 2020-2021 жылдары әлемнің 30991 оқу орнына 13895 орын, ал қазақстандық оқу орындары арасында  34 орында болды.

 –Өткен жылғы университеттегі ең елеулі оқиғалардың бірі — бүгінгі таңда еліміз бойынша бірегей жоба болып табылатын «Ұстаз» ер балалар мектебінің ашылуы болып табылады. Сонымен қатар, жастар идеяларын ескере отырып «Жастар» коворкинг орталығы ашылды. Университет студенттерінің қатысуымен «Atyrau University» мобильді қосымшасы жасалып, іске қосылды,- деді С. Идрисов.

Өз баяндамасында ректор алдағы жоспарларымен де бөлісіп, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

Айбөпе САБЫРОВА,

Суреттер автордікі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button