БИЫЛ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АТЫРАУ ӨҢІРІНІҢ МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРІ ҮШІН АРНАЙЫ 4000 ГРАНТ БӨЛІП ОТЫР. БҰЛ БІЛІМ ГРАНТТАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАМАНДЫҚТАРЫ БОЙЫНША ҚАРАСТЫРЫЛҒАН. СОНДЫҚТАН ТҮЛЕКТЕРДІҢ БҰЛ МҮМКІНДІКТІ ПАЙДАЛАНУЫ МАҚСАТЫНДА БҮГІНДЕ МЕКТЕПТЕРДЕ НАСИХАТТЫҚ, ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ.
СОНДАЙ-АҚ БИЫЛ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТЫ ДӘСТҮРЛІ ФОРМАТТА 25 МАМЫР КҮНІ ӨТЕТІН БОЛСА, 1-СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ EGOV ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ СӘУІР ЖӘНЕ ТАМЫЗ АЙЛАРЫ АРАЛЫҒЫНДА ҚАБЫЛДАНАДЫ. ЕГЕР БАЛАНЫҢ ҚҰЖАТТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАТЕЛІКТЕР, КЕДЕРГІЛЕР ТУЫНДАСА АТА-АНА ӨТІНІШІН МЕКТЕПКЕ БАРЫП ТА ТАПСЫРА АЛАДЫ. БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ОСЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР ТУРАЛЫ КЕШЕ ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫНДА ӨТКЕН БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫНДА АЙТЫЛДЫ.
Облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл үйсекенова аймақ мектептерінде 1, 7, 9 мамыр мемлекеттік мереке күндеріне арналған ашық тәрбие сағаттары өтетінін мәлім етті. Іс-шара соғыс ардагерлерінің ерлігін таныту, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ауызбірлікке баулу мақсатында ұйымдастырылады. Ал, әдеттегіше оқу жылы аяқталғаннан соң 27 мамырдан кейін мемлекеттік емтихандар басталады.
– Биыл 5 764 оқушы мектеп бітіреді. Олар мемлекеттік емтихан, яғни, қорытынды аттестация тапсырады. 249 «Алтын белгіге», 243 үздік аттестатқа үміткер оқушыларымыз бар. Биыл мемлекеттік емтиханның математика пәнін «Алтын белгіге» үміткерлер Назарбаев зияткерлік мектебі базасында тапсырады. Себебі олар сабақ үлгерімі жоғары балалар болғандықтан ерекше мәртебесін дәлелдеуі қажет. Егер олар мемлекеттік емтиханның біреуінен болсын төрттік бағаға тапсырса, онда жай аттестат алады. Сондай-ақ бала «Назарбаев зияткерлік мектебіне бармаймын, емтиханды мектеп қабырғасында тапсырамын» деп жаңа әдістен бас тартып, өтініш жазып, пәндердің барлығын бестік бағаға тапсырар болса онда ол үздік аттестат иелене алады. Қазіргі кезде жалпы облыста мектеп бітіруші түлектер үшін емтиханға дайындық жұмыстары күшейтілді, — деді ол.
Айнагүл Байғанинқызы аттестатты табыстау рәсімі 16-17 маусым күндері өтетінін хабарлап, ата-аналарды қандай да бір кеш ұйымдастырып, ақылы қызметке жүгінуден аулақ болуға шақырды. Бүгінгі басты міндет балалардың мемлекеттік емтиханды ойдағыдай, өз деңгейінде алып шығуы екендігін қаперге берді.
– Білім беру ұйымдарында сыйлық табыстау, шаралар ұйымдастыру, ақылы қызметке жүгінуге қатаң тыйым салынады. Өйткені соңғы қоңырау мен аттестатты табыстау рәсімі мектептегі ресми шара түрінде ғана өтуі керек. Бұл туралы педагогтар мен сынып жетекшілері ата-аналармен жиналыс барысында да айтуда. Әр педагог балаға білім бергені үшін мемлекеттен өзінің еңбекақысын алады. Егер сыйлық жасау фактілері анықталса мұндай жағдайлар аяқсыз қалмайды. Шара тек балалардың алдағы өміріне сәттілік тілеу мақсатында ата-аналар мен ұстаздардың қатысуымен мектеп қабырғасында өткізіледі, — деді облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Дүйсекенова.
Оның айтуынша, мемлекеттік емтиханмен бірге Ұлттық бірыңғай тестілеу де қатар жүреді. ҰБТ-ның айырмашылығы оған бітіруші түлектер өз еріктерімен жоғары оқу орындарына түсу мақсатында қатысады. Мектеп бітіруші түлектердің 90 пайызы ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген.
– Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік гранттан бөлек біздің Атырау облысына 4 000 грант бөліп отыр. Бұл егер тестілеуді тиісті деңгейде тапсырар болса әрбір екінші баланың мемлекеттік грантқа қол жеткізуіне зор мүмкіндігі барын білдіреді. Мұндай гранттар өзге өңірлердің жоғары оқу орындарына да берілуде. Сондықтан ата-аналарға, балаларға осындай мүмкіндікті толық пайдалану үшін ҰБТ-ны жоғары деңгейде тапсыруға тілек білдіреміз, — деді ол.
Б а с п а с ө з м ә с л и х а т ы барысында биыл да жазғы м е к т е п т і ң ж а л ғ а с ы н табатыны жайлы айтылды. Жазғы мектеп білім беру ұйымдарында 27 мамыр мен 1 7 м а у с ы м а р а л ы ғ ы н д а ұйымдастырылады. Мектептегі м і н д е т т і ж ұ м ы с ы н д а болатындықтан мұғалімге ол қызметі үшін қосымша ақы төленбейді. Жазғы мектепте оқушылардың үлгеріміне көңіл бөлініп, оқу жылы барысында түсінбей қалған тақырыптарына маңыз беріледі. Балалардың шығармашылық қабілетін шыңдайтын түрлі шаралар да ұйымдастыру көзделген. Сондықтан ата[1]аналар жазғы мектепке «күн ыссыда балалар шаршайды, аса қажеттілігі жоқ» деп түрлі сылтаулармен бейжай қарамай, балалардың бос уақытын тиімді пайдалануына көңіл бөлу керектігі айтылды.
Оқушылардың білім сапасын арттыру, мектептерді қажетті п е д а г о г м а м а н д а р ы м е н толықтай қамту мақсатында өзге аймақтардан 651 педагогке ұсыныс берілген. Өйткені облыста әсіресе бастауыш және физика-математика пәндерінен сабақ беретін орыс тілді мамандар жетіспейді. Ал, 2025 жылға дейін 48 жаңа мектеп бой көтереді деп күтілуде. Мектептер салынған жағдайда маман тапшылығы тағы еселене түсетіні анық. Сондықтан Айнагүл Байғанинқызы мәселені алдын алу мақсатында қажетті мамандықтар бойынша грант бөлу, өзге өңірлерден мамандар ш а қ ы р у с е к і л д і ш а ралар атқарылып жатқанын жеткізді. Бүгінде облыста 11 үш ауысымды, 4 апатты жағдайдағы мектеп бар. Бүгінде 4 апатты жағдайдағы мектептің құрылысы басталды.
Мәлике ҚУАНЫШЕВА