
ҰБТ басталды!
2024-2025 оқу жылында облыста 7 417 оқушы мектеп бітіреді. Талапкерлер грант және ақылы негізде оқу үшін 16 мамыр мен 10 шілде аралығында ҰБТ-ны қос мәрте тапсыра алады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ал ақылы негізде оқу үшін қаңтар, наурыз және тамыз айларында үш рет тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.
-Қазір 84 пайызы 2025 жылғы ҰБТ-ға қатысуға тіркелді. Бүгінде аймақ бойынша 320 түлек ҰБТ тапсыруда. Тестілеу 5 пән бойынша ұйымдастырылады. Облысымызда ҰБТ өткізуге толық жағдай жасалған. Барлығы жоспарға сай өтіп жатыр, — деді облыстық білім беру басқармасының өкілі Орынгүл Нысанбаева.
Әр жоғары оқу орны өзінің шекті балын белгілейді. Мысалы:
• Ұлттық жоғары оқу орындарына кемінде 65 балл;
• Денсаулық сақтау саласына ең азы 70 балл;
• «Құқық» және педагогикалық мамандықтарға кемінде 75 балл;
• Қалған жоғары оқу орындарына түсу үшін 50 баллдан артық жинау қажет.
Сонымен қатар “Соңғы қоңырау” мерекесіне байланысты кейбір талапкерлер үшін тестілеу күндері өзгертілді. 23 мамырға тіркелгендер 25 мамырда, 24 мамырға тіркелгендер 1 маусымда ҰБТ тапсырады.