Жарнама
Білім

Түлектер алтын ұя мектебіне музей тарту етті

Білім ошағының 126 жылдық тарихынан сыр шертетін музей Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы Қаракөл орта мектебінде ашылды. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Білім ордасын 2004 жылы бітірген түлектер 20 жылдық кездесуге орай құнды ақпараттар мен тарихи деректер жинақталған музейді 3 айдың ішінде жасақтаған. Мәдени-тарихи орынның ашылу салтанатына ардагер ұстаздар мен ауыл тұрғындары қатысты.

Музейді ашудағы басты мақсат — тарыдай болып кіріп, 11 жыл оқып, таудай боп шыққан алтын ұя мектебіміздің тарихын жаңғырту, жас ұрпақтың бойына білім нәрін себуде аянбай еңбек еткен ұстаздарды ұлықтау, олардың үлгі-өнеге жолын өскелең ұрпаққа насихаттау. Музей сөрелеріне Қызыл үйдегі мектеп және қазіргі білім ордасы туралы барлық мәлімет, суреттер, жазбалар мен жәдігерлер қойылды. Бұл орын мектебіміздің кешегі, бүгінгі тарихын өскелең ұрпаққа аманат ретінде жалғар құнды қазына болып табылады, — дейді мектеп түлегі Руслан Сарбалин.

А.ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button