Жарнама
БілімФОТОГАЛЕРЕЯ

«ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Атырау облысындағы ХББ НЗМ-де «Туған елге тағзым» атты дәстүрлі экспедициялық жоба 19 маусым күні басталған болатын. Жобаның үшінші күні де сәтті аяқталды. Олай деуіміздің де жөні бар. Қатысушылар  қаланың бірқатар мекемелерінде болып, өңірдің тыныс-тіршілігімен танысты!

Басынан баяндайық. Алдымен оқушылар Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіне бағыт алды. Бұл сапар оқушыларымыз үшін өте пайдалы болды. Өйткені, химия-биология бағытындағы мектеп оқушыларының арасында мұнай саласында қызмет етуге ниеттілері болары хақ. Олардың түрлі профильдік бағыттағы сұрақтарына аталмыш университет мамандары өте тұшымды әрі ашық жауап қатты. Балаларды түрлі сұрақтар легі қызықтырды. Тіпті, кейбірі «біздегі мұнай қоры қашанға дейін қызмет етуге қауқарлы?» деген сынды тың сауалдарын жолдап, оған кәнігі мамандар аузынан көңіл көншітерлік жауабын алды.

Одан арғы сапар аймақты ақпаратпен қамтудағы бірден-бір маңызы мол мекеме «Атырау-ақпарат» медиахолдингінде жалғасты. Мұнда олар облысымыздың басты басылымдары туралы ақпараттарға қанығып, ел мұңын жырлап, жоғын жоқтап, жақсысын асырып жүрген журналист аға-әпкелерімен кездесті. Сондай-ақ, баспахана цехында болып, газеттің қалай басылатынын, кітап қандай станоктар арқылы жасалатындығын өз көздерімен көріп, куә болды.

Ал, түстен кейінгі сапар мұражайларда жалғасты. Анығында, облыстың басты жәдігерлері мен құнды өнер туындылары сақталған  Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы өнер мұражайы мен облыстық өлкетану-тарихи мұражайына экскурсия жасады. Бұл жердің аурасы оқушылар үшін тіптен бөлек сезілді. Шығармашылық пен тарих тізгіні әдемі ұштасып, ерекше үйлесім тапқан мәдени орыннан оқушылар да ерекше әсермен шықты.

Осылайша, жобаның кезекті күні де әсерлі өтті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button